Бракераждық комиссия ережесі
Бракераж комисиясының жұмысы туралы жалпы ережелер
- Жалпы ережесі
1.1. Білім беру мекемесіндетамақ дайындау және тарату кезінде жеткізілетін өнімдердің сапасын және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды бақылауды жүзеге асыру мақсатында бракераждық комиссия құрылады және жұмыс істейді.
1.2. Бракераждық комиссия мектеп директорының бұйрығымен оқу жылына тағайындалады.
1.3. Бракераж комиссиясын тағайындау-филиал асханасының жұмысына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.
1.4. Бракераж комиссиясы өз қызметінде "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидермиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі - қағидалар),"қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидермиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарын, рецептуралар жинағын, технологиялық карталарды және осы Ережені басшылыққа алады.
1.5. Бракераждық комиссияның құрамына директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, филиалдың медицина қызметкері, асхана әкімшісі және құрамында үш адамнан тұратын ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді (санитарлық киім, медициналық кітапшалар болған жағдайда, тағам сапасын бағалау критерийлерін білгенде және медициналық көрсеткіштер бойынша шектеулері жоқ).
1.6. Бракераждық комиссия мүшелерінің саны төрт адамнан кем болмауы тиіс.
1.7. Комиссияны тағайындау кезінде оның құрамын жыл сайын жаңарту қағидаты сақталады.
1.8. Бракераждық комиссия мезгіл-мезгіл (тоқсанына 1 рет) директор жанындағы кеңестерде асхана жұмысын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс туралы есеп береді.
https://zhez-sch22.edu.kz/kz/askhana-m-ziri.html#sigFreeId1086707c50
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Бракераждық №22ЖББМ |