6.10.2024ж күні Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Мақсаиы: өскелең ұрпаққа қауіпсіздігін сақтау, қатер төнген жағдайда қорқынышқа бой алдырмай, қорғану және сақтану жолдарын түсіндіру. Кездесуге 6-сынып оқушылары қамтылды. Соның ішінде 65 оқушы , 5 педагог мамандардың дәрісін тыңдады.


Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні - білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.Ұстаздар күні – бұл білімнің бастауы саналатын ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін ерекше атап өтетін күн. Ұстаздар – білім мен бағыт-бағдар беретін, әрбір адамның арман-мақсаттарына жету жолында қолдау көрсететін тұлғалар. Ұлағатты ұстаздар мерекесі қарсаңында мектебімізде 4 қазан күні “Ұстаздан даналыққа” атты салтанатты шара өтті. Іс-шара 11-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Мақсаты: Мұғалімдерімізге көтеріңкі көңіл-күй, қызықты концерт сыйлау. Іс-шара мектеп директоры М.Г. Камаловтың құттықтау сөзімен және ҚР оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың “Алғыс хатымен” марапатынан басталды. Соңында биылғы бітіруші түлктеріміздің ұстаздарымызды құттықтау ән жолдарымен аяқталды. Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын.
#біртұтас_тәрбие #5қазанұстаздармерекес


Халықаралық Қарттар күні

1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 22ЖББМ-де “Қарттарым-асыл қазынам” атты мерекелік концерт өтті. Концертке мектеп оқушыларының ата-әжелерін қонаққа шақырылды. Мектеп директоры Камалов М.Г.келген қонақтарға мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді. Мақсаты: немерелерінің бойына сіңдірген тәлім-тәрбиесіне алғыс білдіру, қарттарымызды қадірлеп, қастерлеу. Немерелерінің мектеп қабырғасындағы өнерлерін тамашалату. #біртұтастәрбиебағдарламасы #қарттаркүні #ұлытаутәрбие