Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады.
Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Портал арқылы өтініш беру үшін келесі құжаттар талап етіледі: ата-аналардың немесе баланың басқа заңды өкілдердің өтініші; «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар; баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.