Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025оқужылына бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
1.Логопед - 1 бірлік.
2.Математика пәнінің мұғалімі - 1 орын;
3.Химия пәнінің мұғалімі - 1 орын;
4.Тарих пәнінің мұғалімі - 1 орын;
5.Орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі - 1 орын;
6.Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (ұл балаларға) - 1 орын;
7.Орыс және қазақ тілдерінде оқытатын информатика пәнінің мұғалімі - 1 орын;
8.Орыс тілінде оқытатын мектепалды даярлық тәрбиешісі - 1 орын;
9.Қазақ тілінде оқытатын мектепалды даярлық тәрбиешісі - 1 орын;
10.Педагог көмекшісі - 1 орын;
11.Педагог- ұйымдастырушы - 1 орын;
12.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1 орын;
13.Директордың ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары - 1 орын.
ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
Кандидаттар оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Біліма лушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және төмендегі
көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
КОНКУРСҚА ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынғанэ лектронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);\
4)педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificatein English Language TeachingtoAdults. Cambridge) PASSA; DELTA (Diplomain English LanguageTeachingtoAdults) Passandabove немесе айелтс IELTS (IELTS) - 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet BasedTest (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы - 720 x 480.
ҚҰЖАТТАР КОНКУРС ЖАРИЯЛАНҒАН СОҢҒЫ КҮННЕН КЕЙІНГІ КҮННЕН БАСТАП 5 ЖҰМЫС КҮНІ АРАЛЫҒЫНДА КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА НЕМЕСЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 38.
Эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.